Бақбергенова Бақытжан Жамалқызы
«№ 35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бақбергенова Бақытжан Жамалқызы 1968 жылы 20 маусымда дүниеге келген . 1975 жылы Тереңөзек қыстағындағы №35 М.И.Калинин атындағы қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып,1985 жылы орта мектепті бітірді.Өзінің еңбек жолын 1985 жылы Тереңөзек ауданы Ильич совхозында жұмысшы болып бастаған.1986 жылы қаңтар айынан бастап Ильич совхозының №130 Абай атындағы орта мектепте лаборант болып жұмыс жасаған.